Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ақмолалықтан ақша талап еткен күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады

Полицейлер ақмолалықтан ақша талап еткен күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың шілде айында Көкшетау қаласының тұрғыны полицияға арыз берген. Ер адам оған таныс емес А. азаматы үш жыл бойы қорқыту және физикалық зорлық-зомбылық арқылы одан ақша талап ететінін айтты. Өз денсаулығына қауіптеніп, үнемі қауіптен шаршаған жәбірленуші полицияға жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 104-бабының 1-бөлігі (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 35 жастағы облыс орталығының тұрғынын анықтады.

Қаскүнем жәбірленушіні банктен өзіне несие ресімдеуді талап етті, ал бұл мүмкін болмаған кезде ер адамнан тұрмыстық техниканы тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 194-баптың 1-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Осы баптың санкциясы 4 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 1 мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру