Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын құрылыс жұмыстарын жасатамын деп, ақшасынан айырылды

Шымкенттік тұрғын құрылыс жұмыстарын жасатамын деп, ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына “102” нөмірі арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азамат Өзбекстан Республикасынан құрылыс жұмыстарын жасайтын адамдар жеткізіп беремін деп, сеніміне кіріп, 2 419 000 теңге ақшасын алған. Алайда ешқандай құрылыс жұмыстарын жасай алмай, не ақшасын қайтармай, алданып қалғаны туралы жазып, көрсеткен.

Қаратау ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Оның басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер, Сіз, алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру