Құлаққап ұрлаған ұры тұтылды
Қарағандыда сауда үйлердің бірінен бір айдан астам уақыт бұрын құлаққап ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қазанда Қарағанды қаласы ПБ Орталық полиция бөліміне сауда үйлерінің бірінде ұрлық болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнында белгісіз біреудің құны 70 мың теңге тұратын сымсыз құлаққапты ұрлап кеткені анықталды.
Ұрлық сәті бейнебақылау камераларына жазылғандықтан полиция қызметкерлері 60-65 жас аралығындағы ер адамды іздестірді.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
28 қарашада полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 62 жастағы азаматты ұстап, ол қылмысын мойындады.