Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шараға полиция қызметкері қатысты
Қызылорда облысы Шиелі ауданының ПБ инспекторы Жаннұр Сейтжан Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Елі сүйген, жерін сүйген Елбасы» атты онлайн шараға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында, сондай-ақ ұлттық музыка мәдениетінің жетістіктерін насихаттау, азаматтарды патриоттық, адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеу, олардың мәдени және рухани деңгейін арттыру мақсатында Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен аудан орталығында «Елі сүйген, жерін сүйген Елбасы» атты онлайн шара өткізілді.
Аталған шараға ауданның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан Шиелі ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Жаннұр Сейтжан қатысып, өзіндік үлесін қосты.