Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемесінде спорттық шара өткізілді

Атыраудағы түзеу мекемесінде спорттық шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/9 мекемесінде Тұңғыш Президент күніне орай сотталғандар арасында спорттық шара өтті.  Сотталғандар шахмат, тоғызқұмалақ және қол күресінен сынға түсті.

– Шараның мақсаты – мекемеде ұсталушы сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және моральдық-психологиялық ахуалды тұрақтандыру болып табылады, – деді мекеме бастығының міндетін атқарушы Ринат Кабесов.

Жүлделі орынға ие болған және белсенділік танытқан сотталғандар мекеме бастығының дипломымен марапатталып, олардың жеткен жетістіктері жеке істерінде көрсетілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру