Ұялы телефон мен банк карточкасы иесіне қайтарылды
Федоров ауданының полицейлері бірнеше сағат ішінде ұрланған ұялы телефон мен банк карточкасын колледж студентіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 желтоқсанда Федоров ауданы Александрополь ауылының тұрғыны кезекші бөлімге жүгінді. Жас жігіт полицияға оның телефоны мен банк карточкасы ұрланғанын айтты.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Қостанай қаласында жүрген күдіктіні анықтады. Ол Федоров ауылының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Жедел уәкілдер күдіктіні банкомат жанында ұстады. Ол жәбірленушінің карточкасынан 10 мың теңге ақша алып үлгерген.
Жәбірленуші Родион Кузинев полиция қызметкерлері Серік Бикетбаевқа, Нұрсұлтан Бексұлтановқа және Виталий Олейникке алғысын білдірді.