Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлерге көрсеткен көмегі үшін 16 ақтөбелік ерікті марапатталды

Еріктілер жылында індеттің таралуына жол бермеу үшін ақтөбелік еріктілер де үлкен жұмыс атқаруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Полицейлермен қатар олар коронавируспен күресте өздерінің азаматтық позициясы мен жеке жауапкершілігін көрсету арқылы көмек көрсетуде.

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында облыстың жергілікті полиция қызметі «AntiCovid» еріктілер қозғалысының коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимылға, облыс орталығының көшелерін патрульдеуге, із-түзсіз жоғалған адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды іздестіру іс-шараларына елеулі көмек көрсететін қатысушыларын құттықтады.

Еріктілер Департамент ұйымдастырған акциялар мен іс-шараларға үнемі қатысып отырады. Олар бұл жұмысты ерікті түрде және қалың жұртшылықтың игілігі үшін жүзеге асырады, себебі бұл әрбір азаматтың борышы болып табылады.

Іс-шара барысында ең белсенді 16 волонтер қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полицейлерге көрсеткен көмегі үшін Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру