Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әмиян ұрлаған әккі ұры қолға түсті

Қарағандылық полиция қызметкерлері зейнеткердің сөмкесінен әмиян ұрламақ болған ұрыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қарашада Қарағанды қаласы ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері «Қалта» жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қала автобустарының бірінде жолаушылардың біреуінің ашық сөмкесін аңдыған адамды байқаған.

Зейнеткердің сөмкесінен әмиянын білдіртпей алған ұрыны полиция қызметкерлері сол сәтте қолға түсірді. Ішінде құжаттары, банк карточкалары және 11 мың теңгесі бар әмиян 66 жастағы зейнеткерге қайтарылды.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру