Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған азаматтар жұмыспен қамтылуда

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде ұсталатын сотталған азаматтарды жұмыспен қамту бойынша қарқынды шаралар қабылдануда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамда соттылығы жоқ адамдар жұмыс іздеп, жұмыспен қамту орталықтарының табалдырығын тоздырып жүрген уақытта сотталған адамды жұмыспен қамту Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/14 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесі қызметкерлерінің табанды қызметтерінің нәтижесі болып табылады.

Қазіргі таңда ЛА-155/14 мекемесінде алты жеке кәсіпкер сотталған азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Мекеменің өндіріс аумағында «Баймах» кәсіпорыны жұмысын қарқынды жүргізуде, олар ағаш, металл бұйымдары, халық тұтынатын тауарлар және тағы да басқа бұйымдар жасай алады.

Айта кетсек, қазіргі таңда 10 сотталған азамат ақылы жұмыспен қамтылған, олар еңбекақыларын уақтылы, толық көлемде алып отыр.  Жұмыс орындарын барынша көбейту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Мекеме әкімшілігі жеке кәсіпкерлерді өндіріс аймағында орналасқан бос ғимараттарға жаңа жұмыс орындарын ашуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру