Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: Қызметтер онлайн-форматқа көшірілуде

Пандемия және карантиндік шаралар кезеңінде халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін ішкі істер министрлігі «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді дамыту үстінде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осылайша, «мемлекеттік нөмірлердің телнұсқасын беру» (2020 жылғы шілдеден бастап) және «автосалондарда сатып алынған автомобильдерді бастапқы тіркеу» (2020 жылғы сәуірден бастап) жаңа онлайн-қызметтері енгізілді.

Биыл төлқұжат деректері өзгерген жағдайда жүргізуші куәліктерін ауыстыру, жарамдылық мерзімінің өтуі, олардың жоғалуы немесе ұрлануы және автокөлік иелері ХҚКО-да сақтауға қалдырған мемлекеттік нөмірлерді сақтау және беру бойынша онлайн-қызметтер іске асырылды.

Қазір порталда «Көлік құралдарын қайта жабдықтауды келісу» онлайн-қызметін, сондай-ақ ашық платформаларда қызмет көрсету үшін әзірленген автокөлікті қайта тіркеу сервистеріне тестілеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру