Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: Қызметтер онлайн-форматқа көшірілуде

Пандемия және карантиндік шаралар кезеңінде халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін ішкі істер министрлігі “электрондық үкімет” порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді дамыту үстінде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осылайша, “мемлекеттік нөмірлердің телнұсқасын беру” (2020 жылғы шілдеден бастап) және “автосалондарда сатып алынған автомобильдерді бастапқы тіркеу” (2020 жылғы сәуірден бастап) жаңа онлайн-қызметтері енгізілді.

Биыл төлқұжат деректері өзгерген жағдайда жүргізуші куәліктерін ауыстыру, жарамдылық мерзімінің өтуі, олардың жоғалуы немесе ұрлануы және автокөлік иелері ХҚКО-да сақтауға қалдырған мемлекеттік нөмірлерді сақтау және беру бойынша онлайн-қызметтер іске асырылды.

Қазір порталда “Көлік құралдарын қайта жабдықтауды келісу” онлайн-қызметін, сондай-ақ ашық платформаларда қызмет көрсету үшін әзірленген автокөлікті қайта тіркеу сервистеріне тестілеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру