Әмиянды қолды қылған ұры ұсталды
Балқаш қаласының полицейлері ішінде ақшасы мен құжаттары бар әмиянды ұрлаған азаматты ізін суытпай құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 желтоқсанда Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне белгісіз біреудің әмиян ұрлағаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған патрульдік полиция жасағына жәбірленуші өзінің сөмкесін біраз уақытқа ашық қалдырып кеткенін айтқан.
26 жастағы азаматшаның бейқамдығын пайдаланған белгісіз біреу оның ішінде 75 мың теңгесі мен құжаттары бар әмиянын алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасаған азаматты ізін суытпай құрықтады, 25 жастағы күдікті кінәсін толық мойындады.
Бұл факт бойынша қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қозғалды. Тергеу жүргізілуде.