Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖД қызметкерлері қаза тапқан қызметкердің отбасына барды

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері Тәуелсіздік күні қарсаңында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкердің отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА/155/12 мекемесінің  жеке қауіпсіздік тобының жедел уәкілі әділет аға лейтенанты Шолпан Таласбаева  2011 жылғы 22 маусымда қызметтік міндеттерін атқару кезінде автомобиль апатының салдарынан қаза тапты.

Жасыратыны жоқ, ішкі істер органдарындағы қызмет әрқашан қоғамдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі болып саналады.  Қылмысқа қарсы күресте алдыңғы қатарда бола отырып, қызметкерлер күн сайын өз өмірлерін үлкен қауіп-қатерге тігеді.

– Мекеме басшылығы қаза тапқан әріптестерін еске алуды және олардың отбасыларына қамқорлық жасауды естен шығармайды, біз мұны тек мереке қарсаңында ғана емес, басқа күндері де істейміз. Бүгін біз Шолпанның анасына азық-түлік алып бардық, балаларға сыйлықтар сатып алуды да ұмытпадық, көмекті қажет ететін өзекті мәселелер туралы білдік. Әріптестері оларға үй шаруашылығын басқаруға көмектеседі, көктемде бақшасын қазып, қыста аулаларындағы қарды тазартады, – деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ілияс Мұсабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру