Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер тергеу саласының майталманына сый-сияпат табыс етті

Шымкент қаласының полицейлері тергеу саласының зейнеткерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Шымкент қаласының Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Даулеткелді Абдраманов тергеу саласының зейнеткері Егемқұл Жүнісовтің үйіне барып, атаулы мерекемен құттықтап қайтты.

Егемқұл Жүнісов 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1984 жылы Шымкент қаласы Дзержинский ауданы полиция бөлімінің тергеушісінен бастаған ол тергеу саласында табан аудармай 18 жыл қызмет атқарып, 2002 жылы зейнет демалысына шыққан.

Тергеу басқармасының бастығы Даулеткелді Абдраманов Егемқұл Бердіқұлұлын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті. Өз кезегінде тергеу саласының майталманы тәртіп сақшыларына алғысын айтып, еңбектеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру