Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыр дерттен көз жұмған қызметкердің наградасы анасына табысталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов пен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділбек Досмағамбетов короновирус дертінен қайтыс болған ҚАЖД қызметкері Людмила Панченконың үйіне барып, анасына наградасын табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Людмила Панченкоға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі берілді. Аталған медаль оның 90 жастағы анасы Раиса Гарбузға табысталды.

Людмила Панченко ҚАЖД мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету тобының инспекторы болып қызмет атқарған. Ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап жұмыс істеген ол короновирус дертіне шалдығып, дүниеден озды. 

Өз кезегінде 90 жастағы Раиса Федотовна алғысын білдіріп, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне еңбекте табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру