Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұялы телефон ұрлығы ашылды

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы туралы арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша сырттай танысы өзінің тұрғын үйінен 25 мың теңге тұратын «LG» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, күдіктіні «ізін суытпай» екі сағат ішінде ұстады. Күдікті азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Тергеу барысында анықталғандай ауырып жатқан жәбірленуші азаматтың денсаулығын білуге келген танысы оның аяғына массаж жасап ұйықтатқан. Сол мезетте арам ойы туындап, ұялы телефонын алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарды сақ болуға шақырады. Ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз тез арада «102» нөмері арқылы полиция қызметкерлеріне хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру