Тас жолда жеңіл көлікті игере алмаған жүргізуші автобуспен соқтығысты
Ақтөбе облысының тас жолында сырғанап кеткен жеңіл көлік жолаушылары автобусына соғылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылы 19 желтоқсанда сағат 11.00 шамасында "Ақтөбе - Астрахань" республикалық маңызы бар тас жолының 18 км-де "Санионг" маркалы көлік жүргізушісі жол қозғалысының 10.1 ережесін бұзып, жол ауа райының жағдайын ескермей, тас жолдың тайғақ учаскесінде сырғанап кетіп, қарама қарсы келе жатқан "ПАЗ 3254" маркалы автобуспен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Санионг" көлік жүргізушісі және автобустың 11 жолаушысы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлік көмек көрсетілді, жолаушылар қаралған соң үйлеріне жіберілді.