Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер елорда тұрғынының ақшасын қайтарды

Қостанай облысы Сарыкөл ауданының полицейлері Нұр-сұлтан қаласының тұрғыны Ольга Сайбельдің жоғалған ақшасын тауып берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны күйеуімен бірге Қостанайға бара жатқан. Оның айтуынша, жол бойында олар Сарыкөл кентіндегі жол бойындағы дәмхананың жанына тоқтап, ішінде 700 мың теңге ақша бар әмиянын түсіріп алған.

Облыстың Сарыкөл және Алтынсарин аудандарының полицейлерінің жедел іс-қимылдарының нәтижесінде ақшаны алған Қостанай қаласының тұрғыны анықталды.

Дәмхананың жанында тоқтаған “Газель” автокөлігінің жүргізушісі жерде жатқан әмиянды көріп, оны алып кеткен.

Газель жүргізушісі әмиян жоғалған жерден 90 шақырымға ұзап кеткен.

Ер адамды Алтынсарин ауданының полицейлері санитарлық бекетке кіре берісте тоқтатты.

Оның қалтасында өтініш берушінің әмияны болды, ол кейіннен жәбірленушіге қайтарылды.

Ақшасын жоғалтқан әйел жолдасымен бірге жергілікті полиция бөліміне хат жолдап, кәсіби шеберлігі мен шапшаңдығы үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру