Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 29 жастағы қала тұрғынының үйінен наган тәркіледі

СҚО полицейлері 29 жастағы қала тұрғынының үйінен наган тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Петропавл қаласының 29 жастағы тұрғынынан 1944 жылы жасап шығарылған алты патроны бар заңсыз сақталған «наган» револьверін тәркіледі. Сараптама нәтижесі қарудың бұл үлгісі атуға жарамды атыс қаруы екенін анықтады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы қолданылды. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізуде.

– ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының үшінші бөлігімен атыс қаруын сақтау үшін (тегіс ұңғылы аңшы қаруын қоспағанда) қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Мұрат Баукенов. –Заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырған тұлға қылмыстық іс белгілері болмаған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылатындығын естеріңізге саламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру