Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тәртіп сақшылар 12 кәмелетке толмаған баланы полицияға жеткізді

Ақтөбеде тәртіп сақшылар 12 кәмелетке толмаған баланы полицияға жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл мақсатында Ақтөбе қалалық ПБ ювеналды полиция қызметкерлері қалалық прокуратура өкілімен бірлесіп тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізуде. Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және азайту, жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жерде болу және басқа да құқық бұзушылық фактілерін анықтау.

Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде тәртіп сақшылары түрлі құқық бұзушылықтар үшін Ақтөбе қаласының ПБ-ға 12 кәмелетке толмаған баланы жеткізді, олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, қаладағы бір ойын-сауық клубының иесі ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың 11 айында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының ПБ-не 2505 кәмелетке толмаған баланы жеткізіп, олардың ата-аналарымен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Полицейлер атап өткендей, мұндай профилактикалық іс-шаралар оң нәтиже беруде және ата-аналар мен заңды өкілдерді өздерінің кәмелетке толмаған балаларына тиісті көңіл бөлуге және еліміздің болашақ ұрпағының дамуына өз үлесін қосуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру