Ақтөбеде тұрмысы нашар 11 отбасы есепке қойылды
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Отбасы» акциясын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 20-27 желтоқсан аралығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданған шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру органдарының қатысуымен «Отбасы» акциясын өткізуде.
Іс-шара барысында облыс бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы қоғамдастықтардың болуы, сондай-ақ жастардың өз құқықтарын білуі тиіс екендігі туралы баяндалды.
Акцияның бірінші күні 186 қолайсыз отбасы, 150 есепке алынған кәмелетке толмағандар және 594 бала тұратын өгей балалары бар 350 отбасы тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
Жедел-алдын алу іс-шараларының нәтижесінде жеті ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тұрмысы нашар 11 отбасы есепке қойылды және 23 материал кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді.
Осы бағытта Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы тұрмыста жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіп тұрады.