З4 жастағы жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
34 жастағы қызылордалық азамат көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызмет атқару барысында Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесінің бойында «Kia Rio» автокөлігін тоқтатқан.
Құжаттарын тексеру барысында 34 жастағы жүргізушінің автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.
Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама ресімделіп, материалдар сотқа жолданды.
Қызылорда қаласы Мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.