Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның учаскелік полиция инспекторларының жұмысына халық риза

Петропавл қаласының учаскелік полиция инспекторы автобуста қалып қойған сөмкені иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылжар ауданының учаскелік инспекторы шетелдікке қар құрсауынан шығуға көмектессе, ал Тайынша ауданында олардың әріптесі ауа райына байланысты көлігі істен шыққан Көкшетау қаласының тұрғынына қол ұшын созды. Мұның бәрін азаматтар «Instagram»-дағы және басқа онлайн платформаларда пікір жазу арқылы білдірген.
Беларусь Республикасының азаматы Сергей Глаз солтүстікқазақстандықтарға жолда көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Польшадан келген ауыр жүк көлігінің жүргізушісі новигатормен келе жатып бағыттан ауыртқып кетеді. Налобино аулына баратын жолда адасып, басқа жолға түсіп кетіп, қар құрсауында қалып қояды. Өтіп бара жатқан Виноградовка ауылының тұрғыны болған жағдай туралы Соколовский ауылдық округінің поселкелік полиция бөліміне хабарлаған. Шетелдікке көмекке учаскелік инспектор Назар Мендекеев барған. Ол «Нелюбин» шаруа қожалығына хабарласып, шығаруға трактор сұрайды. Тракторист Иван Шикалин көмекке келіп, машинаны қар құрсауынан алып шыққан. Петропавлдан Көкшетауға бет алған жүргізуші жолда келеңсіз жағдайға тап болған. Жолда Ерлан Абелдиновтың машинасы бұзылып қалады. Ол «102» нөміріне қоңырау шалған, оған учаскелік инспектор Азамат Сүлейменов көмекке барған. Полицей көлікті жақын маңдағы ауылға сүйреп апарып, қонатын жер тауып берген.

– Ауа райы бұзылса да, ешқандай алаңдаушылық болған жоқ. Осы қызметкерлер арқылы барлық қазақстандық полицияға алғыс пен оларға деген құрметімді жеткізгім келеді, – деп жазыпты ер адам. – Ішінде құжаттар, ақша, кілт салынған сөмкемді жолаушылар отыратын орындықта ұмытып кетіппін. Автобустан шығып, бірнеше метр жүргеннен кейін ғана сөмкемнің жоқ екенін байқап, автобустың соңынан соңғы аялдамаға қарай жүгірдім, жүргізуші тоқта, есікті аш деген менің өтінішіме құлақ аспады. Абырой болғанда, аға лейтенант Әлібек Шакиров қызметтік автокөлігімен өтіп бара жатты, ол тоқтап, не болғанын сұрап, автобусты қуып жетуді ұсынды. Нәтижесінде соңғы аялдамаға екі квартал қалғанда автобус тоқтады. Сөмкем табылды, – депті Самат Ибраев Direct «sqo_pd» парақшасы арқылы ризашылығын білдірген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру