Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келестік полицейлер азаматқа төлқұжатын рәсімдеп берді

Келестік полицейлер жеке куәлік алатын уақытын өткізіп алған азаматқа төлқұжатын рәсімдеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Осы бағытта Түркістан облысы Полиция департаменті және оған қарасты қала-аудандық Полиция бөлімдері жүйелі түрде жұмыстар атқаруда. Келес  АПБ көші-қон қызметіне 18 жастағы Аян Прмахенбетов келіп, ҚР-ның азаматтығын алуға дер кезінде құжаттарын тапсырмай, жеке куәлік алатын уақытын өткізіп алғанын айтқан.

Аталған құжаттарды Келес АПБ Көші қон қызмет тобының инспекторы Гүлжан Құралбекова қабылдап алып, заңға сәйкес уақыт ішінде азамат Аян Прахметовке ҚР-ның азаматтығын растайтын төлқұжатын рәсімдеп берді.

Гүлжан Құралбекованың адал жұмысына риза болған Аян  Прахметовтің өзі және әкесі   шын жүректен ризашылықтарын білдіріп, рахметтерін айтып, жұмысына толағай табыстар тіледі.

Өз сөзінде әкесі : – Келес ауданының көші қон қызметіне, оның ішінде баламның төлқұжатын рәсімдеп берген Гүлжан қарындасыма  үлкен алғысымды айтамын, – деп алғысын жеткізді.

Түркістан облысы полицейлері Республика көлемінде өткізіліп жатқан акция шеңберінде облысымызда құжатсыз жүрген азаматтарды қайта ҚР жеке куәлігімен рәсімдеуге көмектесуде. Сондай-ақ бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру