Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні анықтады

Ақтөбе облысының полицейлері бұрын көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 желтоқсанда Шайкенов көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері 38 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Опель Зафира» автокөлігін тоқтатты.

Құжаттарын тексеру кезінде одан алкогольдің иісі шығып тұрған, медициналық сараптама жүргізушінің орташа дәрежелі мас күйде екенін көрсетті. Сондай-ақ жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды, бірақ соған қарамастан ол көлікті мас күйінде қайта басқарып жүрген.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) қылмыстық іс қозғалды.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылса да, мас күйінде көлік жүргізіп жүрген 160-тан астам жүргізушіні анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру