Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

500-ден астам азамат жүгінді

Жыл басынан бері Қостанай облысының ПД бастығына 500-ден астам азамат жүгінген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының ПД бастығы Бекет Аймағамбетов тұрғындармен кезекті онлайн кездесуін өткізді. Ол жыл басынан бері 500-ден астам азаматты қабылдады.

Онлайн режимде өтетін қабылдау кезінде бөлім басшылары мәселелерді шешумен қатар заңгерлік кеңестер де береді.

Ведомство басшысының Facebook-тегі жеке парақшасы өтініш алаңына айналды десе болады. Мұнда көбіне қылмыстық істерді тергеуге қатысты сұрақтар келіп түседі.

– Әрбір өтініш – бұл адамның тағдыры, сондықтан барлық сұрақтар бақылауға алынады. Бүгін де адамдар көптеген мәселелерді көтерді. Мысалы, Татьяна Нұрмағамбетова Дзержинский көшесіндегі ағаштарды заңсыз кесу дерегіне қатысты тиісті шаралар қабылдауды сұрады, – деп атап өтті ПД бастығы.

Департамент басшысы азаматтардың қауіпсіздігі мен жол қозғалысына қатысты ұсыныстардың саны жылдан жылға артып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру