Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

38 сайт бұғатталды

Атырау полицейлері есірткі саудасына қатысы бар 38 сайтты бұғаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заманауи технологиялардың дамуына байланысты қылмыстық элементтер пайда табу үшін интернет желісін және басқа да байланыс түрлерін белсенді түрде қолданады.

– Мысалы, соңғы жылдары психотропты заттар мен синтетикалық есірткілерді интернет-сайттар және «Qiwi-кошелек» арқылы сату үрдісі байқалады. Қылмыстың осы түрінің жолын кесу мақсатында есірткі сатушылар қолданған 38 сайт бұғатталды», – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары
Нұрхат Оразбаев.

Жалпы, жыл басынан бері Атырау облысында 120 есірткі қылмысы тіркеліп, заңсыз айналымнан 22 келіден астам есірткі тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру