Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас адамның телефонын ұрлаған күдікті ұсталды

Петропавл полицейлері мас адамның телефонын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жатақханалардың бірінде тұратын 27 жастағы петропавлдық ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызбен полицияға жүгінген. Ұрлық  жатақхананың дәлізінде жәбірленуші масаң күйде болған кезде жасалған.

Белгісіз біреу оның қалтасынан құны 85 мың теңге тұратын «Huawei» маркалы ұялы телефонын жымқырған. Қылмысты тез ашуға дәлізде орнатылған камераның септігі тиді.

Жедел-тергеу тобы жазбаларды қарау кезінде күдіктіні байқаған, ол мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, сол жатақханада тұратын 49 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Аталған факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық)  бойынша тіркелді. 

Ұрланған зат иесіне қайтарылды.

– Бейнебақылау камералары — бөтеннің мүлкін ұрлауды ашу мен алдын алудың сенімді құралдарының бірі, – дейді Петропавл қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру