Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әмиян ұрлаған әйел ұсталды

Ақтөбе облысының Полиция департаментіне жоғалған әмияны қайтарылған 37 жастағы қала тұрғынынан алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлық Ақтөбе қаласында “Океан” аялдамасынан “Керуен-сити”  аялдамасына дейінгі аралықта №26 автобустың салонында жасалған.

Күдікті ішінде 57 мың теңге, алтын сақина, банк карточкалары мен жеке куәлігі бар әйел адамның әмиянын жасырын ұрлап кеткен.

Бұл факт бойынша ұсталған азаматша ұрлық жасағанын мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру