Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәсіпкердің құрал-жабдығы қайтарылып берілді

Теміртаулық полицейлер ұрланған жабдықты кәсіпкерге қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 желтоқсанда 41 жастағы жеке кәсіпкер Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреудің өндірістік базаның аумағына кіріп, өзінің шеберханасынан жұмысқа қажетті жабдықтарын ұрлап кеткені туралы арызданды.

Ұры оттегі баллоны, редуктор, шлангтар, газбен дәнекерлеу алауы және газбен дәнекерлеушінің қысқы киіміне дейін ұрлап кеткен. Шығын мөлшері 100 мың теңгеден астам соманы құрады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

Келесі күні криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 28 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, ол өз кінәсін мойындады. Ұсталған адамнан ұрланған заттар алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру