3 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Атырауда дін саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған 98 тұлғаға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бастап Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық Дін істері басқармасымен бірге әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында дін саласындағы 98 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін, сол сияқты өзге де өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, таратудың 56 дерегі, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзудың 42 дерегі тіркелді.
Анықталған фактілер бойынша құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453 және 490-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, оларға қатысты соттың шешімімен барлығы 3 263 983 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.