Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық сақшылар игі іске ұйытқы болды

Сарыағаш ауданының тәртіп сақшылары қайырымдылық шараларын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жаңа жылды игі істер ұйымдастырумен бастады. Олар мал сойып, жаңа сойылған малдың еті мен азық-түлік сатып алып, аудан орталығында тұратын мұқтаж отбасыларға таратты.

Сарыағаш ауданының ПБ бастығы Ермек Нұралиев көпбалалы аналарды мерекелерімен құттықтап, сиыр жылында мол табыс пен мықты денсаулық тіледі.

Өз кезегінде Сарыағаш ауданының көпбалалы аналары игі іс жасаған полицейлерге ризашылықтарын жеткізді.

– Бізге көңіл бөліп, азық-түлікпен қамтып жатқандарыңызға рақмет! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Жаңа жыл барлығымыздың отбасымызға жақсылығын алып келсін! Жанашырлықтарыңызға мың алғыс, – деді көпбалалы аналардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру