Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрлық жасаған көкшетаулық ұсталды

Петропавлдық полицейлер сауда үйінен жемпір ұрлауда күдікті Көкшетау қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен сауда үйіндегі бутиктен екі жемпір мен шалбар ұрлауда күдікті, Көкшетау қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды.

Полицияға қала орталығындағы сауда үйлерінің біріндегі спорт тауарларын саудалайтын бөлімнен белгісіз қылмыскер Demix екі джемпері мен шалбар ұрлады деген арыз келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлықта күдікті анықталып, қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдерімен жалдамалы пәтерінде ұсталды. Ол бірер күн бұрын Петропавлға шаруаларымен келген 1995 жылы туған Көкшетау қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам ұрлыққа қатысты екенінен бас тартпады, ол киім өлшеу орнында киімдердегі магиниттерді алып тастап, кейін сату мақсатымен, киімдерді дүкеннен білдіртпей алып шыққанын айтты. Қазіргі уақытта ұрланған заттар алынды. Тауар иелері арызын қайтарып алып, істі бітімге келумен аяқтауды жоспарлауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру