Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі қолданып, көлік басқарған ер адам анықталды

Созақ АПБ-нің полицейлері есірткі қолданып, көлік басқарған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жолда рейд жүргізу барысында, Шолаққорған ауылы Жәйшібеков көшесінің бойында “Тoyota Camry” маркалы автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай басқарып бара жатқанын анықтап тоқтатқан.

Тексеру барысында, жүргізушінің автокөлікті есірткі затын қолданып басқарғандығы анықталып, бөлімшеге жеткізілді. Сондай-ақ полицейлер автокөлік жүргізушінің үстін қарап тексереді. Нәтижесінде шалбарының қалтасынан есірткі затына ұқсас өсімдік табылды. Алынған заттарға сот сараптамасы тағайындалып, қорытындысында “кептірілген марихуана” екендігі анықталды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлімі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары есірткі қолданып қөлік басқарған азаматты көлік жүргізу куәлігінен айыру жөнінде Созақ ауданының сотына жолдады. Бүгінгі таңда күдікті ер азамат қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауға: мас күйінде немесе есірткі қолданып рульге отырмауға, жылдамдықты асырмауға, маневр жасау ережелерін бұзбауға және қарсы жолаққа шықпауға, сондай-ақ жолдарда қашықтықты сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру