Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер балаларға арналған креслоның болмағаны үшін мыңнан астам жүргізушіні жауапқа тартты

2020 жылы ақмолалық полицейлер балаларға арналған креслоның болмағаны үшін мыңнан астам жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылы облыс аумағында балалардың қатысуымен 109-дан астам жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 144 бала түрлі дене жарақаттарын алғанын айта кету керек.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автокөлік құралдарының салонында балаларды тасымалдау ережелерін бұзушылықтарды анықтау бойынша тұрақты негізде іс-шаралар жүргізеді.

Өткен жылы мыңнан астам жүргізуші арнайы балаларды ұстайтын құрылғыларсыз балаларды тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Жол жүрісі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес көлік құралының жүргізушісіне балаларды ұстап тұратын құрылғы немесе көлік құралының конструкциясында көзделген қауіпсіздік белдігінің көмегімен баланы ұстап тұратын өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында – балаларды ұстап тұратын құрылғы болмаған кезде 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдауға тыйым салынады.

Тәртіп сақшылары барлық автокөлік жүргізушілерін осы мәселеге көңіл бөлуді және балаларының денсаулығы мен өмірін қорғауды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру