Сотталған азаматтан есірткі тәркіленді
Қызылордада түзеу мекемесіне жұмыс орнынан оралған сотталған азаматтан есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/4 мекемесінде жұмыс орындарынан оралған сотталған азаматтарды тінту-тексеру жұмыстары күнделікті жүргізіледі.
Осы орайда мекеме қызметкерлері жұмыстан оралған сотталған азаматты тексеру барысында оның қалтасынан темекі қорабының ішіндегі үш дана шылымға нығыздалып салынған, сотталғандардың пайдалануы мен сақтауына тыйым салынған жасыл түсті, өткір иісті затты тәркіледі.
Бұл факт бойынша мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды.
Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес сотталған азаматтан алынған зат салмағы 1,98 грамм құрайтын кептірілген марихуана екені анықталды, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.