Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автобус жүргізушілері 247 құқық бұзушылыққа жол берген

Павлодар облысының полицейлері «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында автобус жүргізушілері жол берген 247 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының аумағында жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2021 жылғы 20-22 қаңтар аралығында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

– Іс-шараның бірінші күнінде автобус жүргізушілері тарапынан 247 бұзушылық жасалғаны анықталды. Ең жиі кездесетіні -маневр жасау ережелерін бұзу және автобусты немесе шағын автобусты басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану, – деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Полиция қызметкерлері алты автобус жүргізушісінің ақаулары бар көлікпен жолға шыққанын, сол үшін олардың басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

32 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланған, 36 көлік маневр жасау ережелерін бұзған, 25 автобус жүргізушісі тиісті құжаттарсыз болған, ал 11 жүргізуші тиісті техникалық байқаудан өтпеген көлікпен жолға шыққан. Барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды.

– Мысалы, 43 жастағы жүргізуші «Mercedes-Benz Sprinter» маркалы автобусын техникалық тексеруден өткізу уақытын өткізіп алған, оған 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ақсу қаласында автобустың жүргізушісінде сақтандыру полисі болмаған, соған қарамастан, ол көлік басқаруды жалғастыра берген, – деп толықтырды Ғалым Сарғұлов.

Тәртіп сақшылары мұндай іс-шаралар қажет екенін атап өтті, себебі мұндай алдын алу іс-шаралары барлық жүргізушілерді тексеруге мүмкіндік береді, ал полиция қызметкерлері автобус жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін бұзбаса себепсіз тоқтата алмайды.

Қазір жолдарда көктайғақ, жол апаттарына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері қалалық автобустардың техникалық жағдайын, жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерін сақтауын қадағалайды. Өйткені, ондаған адамның өмірі автобус жүргізушілеріне тәуелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру