Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еріктілер жылы қорытындыланды

 Алматы қаласының полицейлері “Еріктілер жылының” қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасында ішкі істер органдарына көмек көрсететін еріктілер ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізілді.  Полицейлер қоғам қайраткерлеріне жемісті ынтымақтастық үшін ризашылықтарын білдірді.

 – Президент жариялаған “Еріктілер жылын” қорытындылай келе, біз өзара іс-қимыл жасасудың жоғары тиімділігін сенімді түрде айта аламыз.  Полицияға ақысыз негізде жан-жақты көмек көрсеткен жігіттер қолдан келгеннің бәрін жасады.  Пандемия басталған кезде еріктілер полиция қызметкерлері және дәрігерлермен бірге жанқиярлықпен біздің қаланың барлық тұрғындарына көмектесті.  Олар із-түссіз жоғалған адамдарды іздеді, әртүрлі жедел-профилактикалық іс-шараларға қатысты, мұқтаждарға азық-түлік себеттерін жеткізді, қорғалатын аумақтарды тазартты және тағы басқа іс-шараларды атқарды. Бұл біздің азаматтарымыздың саналылығын көрсетеді. Сіздердің жұмыстарыңызды асыра бағалау қиын.  Биылғы бірлескен жобаларымыз бен жұмыстарымыз одан да жемісті болады деп сенеміз, өйткені біз көп нәрсені бірге еңсердік, жинақталған тәжірибе жаңа биіктер мен жетістіктерге жетуге бағытталады, – деді Алматы қаласының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Өз кезегінде еріктілер қозғалысының өкілдері полицияға алғыс білдіріп, әрі қарайғы бірлескен іс-шараларға және өзара іс-қимыл шеңберін кеңейтуге ниет білдірді.

– Өткен жыл шыныменде қиын болды, бірақ ол бәрімізді күшейтті, ерікті болғысы келетіндердің саны артты.  Біз ешкімнен бас тартпаймыз және өз қатарымызға қосылуға, халық игілігі үшін қызмет етуге және мемлекетімізді нығайтуға шақырамыз.  Мен мұны барлық еріктілер атынан сенімді түрде айта аламын.  Біздің штаб орналасқан Алматы қаласы ЖПҚ ғимаратында бізге бөлінген кабинеттер үшін өте ризамыз.  Біз өзімізді ішкі істер органдарының толыққанды бөлімшесі ретінде сезінеміз.  Еріктілердің барлығы жас, жігерлі және бастамашыл адамдар.  Бүгінгі таңда қалада біздің қатарымызда 600-ге жуық адам бар, біздің жігіттердің күші Алматының барлық аудандарына таратылған.  Сонымен қатар, “Табиғат өмірі” бастамашыл тобы құрылды, ол табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп, таулы аймақтар мен қорғалатын аумақтарға бақылау жүргізеді.  Жұмыс бағыттары жеткілікті және бұл тек қызықты ғана емес, сонымен бірге жас ұрпаққа пайдалы, өйткені жігіттер полицияның жұмысымен танысады, заңды негізге алады, тәжірибе жинақтайды, тіпті жұмыс тәжірибесін жинайды.  Мемлекет басшысы жариялаған “Еріктілер жылы” аяқталды, бірақ бұл біз босаңси аламыз дегенді білдірмейді, керісінше біз азаматтарымыздың тыныштығы үшін ірі жобаларды жүзеге асыруды және әлеуметтік-қоғамдық жұмыстарды кеңейтуді жоспарлап отырмыз, – деді қалалық полицияға көмек көрсету штабының басшысы Евгений Петров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру