Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таймерденов: Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты

2020 жылдың соңында Алматыда қылмыс барлық бағыттар бойынша 47,8% төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Барлық бағыттар бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы ашылуы 11,7%, қатты ауыр – 7%, ал жеңіл және орташа ауырлықта – 6,2% жақсарды. Көшеде жасалған құқық бұзушылықтардың саны 4,2 есеге, қоғамдық орындарда 3,4 есеге азайды. Жалпы, департаменттің жеке құрамы шаһарда тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және қалада қылмыстың төмендеуі үшін барлық шараларды қабылдауға дайын. Қабылданған шаралар нәтижесінде қарақшылықпен айналысқан 15 топтың, 53 – қарақшылықтың, 40 – пәтер тонауымен айналысқандардың, 15 – автокөліктен ұрлықтың, 85 – қоғамдық орындардағы жеке меншікті ұрлаумен айналысқандардың қылмыстық әрекеті тоқтатылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.


Саны азайды:
– денсаулыққа ауыр зиян келтіру -29,1%;
– зорлау – 2,4 есе;
– бөтеннің мүлкін ұрлау – 2,5 есе;
– пәтерлерден ұрлық -3,6 есе;
– алаяқтық -18,6%;
– тонау -2,2 есе;
– қарақшылық -2,0 есе;
– бұзақылық -2,2 есе;
– көлік құралына ие болу -36,1%;
сондай-ақ жасалған құқық бұзушылықтар:
– кәмелетке толмағандармен -35,1%;
– адамдар тобында -20,7%;
– қоғамдық орындарда – 3,4 есеге;
– көшелерде -4,2 есе.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру