Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері саяжайдағы ұрлықты ашты

Петропавл полицейлері саяжайдағы ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Саяжай учаскесіндегі ұрлықты Петропавлдағы “Борки” қауымдастығының күзетшісі анықтаған. Күнделікті тексеріс жүргізу кезінде ол іздерді байқап, саяжайдың иесіне қоңырау шалады. Саяжайдың иесі шойын ваннасы мен темір кереуетінің жоғалғанын айтып, полицияға жүгінген. Саяжай қауымдастығына апарар жолдар қалалық әкімдікпен ортанылған бейнебақылау камераларының шолуында. Камерадағы жазбаларды қарау кезінде қалалық ПБ Бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері саяжай қауымдастығынан шыққан “Mitsubishi Delica” автомашинасына назар аударады. Көліктің одан арғы жолы жедел басқару орталығының камераларына және қалалықтардың көбі пайдаланатын бұлтты камераларға түскен. Машинаның иесі бұрын сотты болған 50 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ұрланған заттар минивэн салонынан табылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Бейнебақылау – қылмыстардың алдын алудағы және оларды ашудағы ең тиімді құралдардың бірі, – дейді облыс орталығындағы ПБ криминалдық полиция бөлімі бастығы Дархан Зияфиддин. – Петропавлда 2020 жылдың 01 қарашасынан бүгінгі күнге дейін саяжай учаскелерінде жасалған алты қылмыс тіркелді. Желтоқсан айында “Надежда” қауымдастығының күзетшісі қылмыстың жолын кескен. Қылмыскерлерді саяжайда иелерімен қалдырылған құрал-саймандар, тұрмыстық заттар мен металдан жасалған заттар қызықтырады.

Саяжай иелеріне саяжай қауымдастығының күзетін ұйымдастыруды және мүмкіндігінше өз учаскелерін тексеріп отыруды ұсынамыз. Полицияға уақтылы хабар беру – қылмысты қысқа мерзімде ашуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру