Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер әскери қызметшілерді құттықтады

Жамбылдық полицейлер 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы атынан Полиция департаменті бастығының орынбасары Р.Құрымбаев және Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы Е.Егембердиев ұландықтардың кәсіби мерекесі – ҚР Ұлттық ұланы күні қарсаңында 5513 әскери бөлімінде болып қайтты.

Әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, Р.Құрымбаев 28 жыл бұрын, 1992 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері құрылғанын, кейін олар Ұлттық гвардия деп атала бастағанын атап өтті. 2015 жылдың 10 қаңтарында “ҚР Ұлттық ұланы туралы” Заңға қол қойылды.

Мерекеге орай, Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен 5513 әскери бөлімінің командирі Кенжебек Түкешев ҚР ІІМ-нің логотипі бар қолсағатымен марапатталды. Техникалық қызмет бастығы Дәулет Құлбаев, взвод командирлері Асхат Алтынбеков пен лейтенант Ильнур Надилов ПД грамоталарымен, сондай-ақ жеті әскери қызметші алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру