Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында “Автобус” іс-шарасы бойынша 500-ден аса хаттама түзілген

Түркістан облысында “Автобус” іс-шарасы бойынша 500-ден аса хаттама түзілген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 20-22 қаңтар аралығында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы мақсат – аудан аумағындағы автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру.

Аталған іс-шара барысында көлік құралдарының санитарлық, техникалық жағдайы тексеріледі. Оның ішінде, заңсыз қайта жабдықталған, құрылысы келмейтін автобустар, жолаушылар мен жүктерді тасымалдайтын жүргізушілер анықталды. Сондай-ақ шетел азаматтарын заңсыз тасымалдаумен айналысатын автокөлік иелері де әкімшілік жауапқа тартылады.

“Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыс көлемі бойынша жалпы 500-ден аса әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) бойынша 141 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) 104 дерек тіркеліп хаттама толтырылды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) бойынша 28 дерек анықталса, ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабымен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) 53 жайт тіркеліп, хаттама түзілген.

Атап айтсақ, Арыс ауданының полицейлері 20-22 қаңтарда “Автобус” жедел-профилактикалық іс шарасын жүргізген болатын. Іс-шара барысында 10-нан аса жүргізушіге әкімшілік хаттмалар түзілді. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабымен төрт хаттама толтырылса, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабымен сегіз хаттама толтырылды.

Өз кезегінде Түркістан облысы ПД-нің полицейлері автокөлік иелері мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына ЖҚЕ қатаң сақтау және маневр жасау ережелерін бұзбау қажеттігін ескертеді.

Сонымен қатар көлік тізгіндеп келе жатып, ұялы телефон пайдаланбауды әдетке айналдырыңыздар. Заңға бағынайық!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру