Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайрамдық алаяқ тұрғынды алдап кетті

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық қылмысын жасаған күдікті жігітті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-на алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданған. Ол азаматтың айтуынша, өзінің танысы жүргізуші куәлігіне «Е» санатын қостырып беретінін айтып, алаяқтық жолмен 70 мың теңге ақшасын алған. Келісілген уақытта хабар келмеген соң өзі сұрамақ болып қоңырау шалған. Алайда, ол азаматтан ешқандай жауап болмаған соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Орын алған алаяқтық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Полицейлер аталмыш күдіктіні аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жас жігіт жәбірленушінің сырттай танысы бір апта ішінде жүргізуші куәлігіне Е. санатын қосып беретінін айтып сендірген. Осылайша күдікті пайдакүнемдік ниетпен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жібергені белгілі болды. Қазіргі таңда ұсталған жігітке қатысты тергеу амалдары жүруде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына кез келген жанға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Азаматтарға әртүрлі алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуды ұсынады. Таныс емес адамдарға мүліктеріңізді, жеке мәліметтеріңізді, банк шоттарының кодтарын және ақшаларыңызды, басқа да ақпаратты бермеңіз. Сақ болыңыз және күмәнді қызметтерді ұсынатын адамдардан оңай пайда табуға үміттенбеңіз. Егер, сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру