72 жастағы жүргізуші жол бойында көмек берген атыраулық тәртіп сақшыларына алғысын білдірді
72 жастағы жүргізуші жолда жарылған дөңгелегін ауыстырып берген атыраулық тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қаңтар күні Атырау-Орал тас жолында көлігінің дөңгелегі жарылған 72 жастағы азаматтың көліктің жарылған дөңгелегін ауыстыруға қажетті құрал-саймандары мен мүмкіндігі болмаған.
Қатты суықта жол жиегінде тұрған автокөлікті көрген тәртіп сақшылары тоқтап, мән-жайды анықтаған.
Бір сағат бойы далада тұрғанын айтқан жүргізушіге көлігінің дөңгелегін ауыстырып берген тәртіп сақшылары 72 жастағы азаматтың алғысын алып, ризашылығына бөленді.