Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық алаяқ жергілікті тұрғыннан 110 мың теңге ақша алған

Маңғыстау облысында жергілікті тұрғынға пластикалық терезе орнату қызметін ұсынған алаяқ оның 110 мың теңгесін қалтасына басып, зым-зия жоғалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, өткен жылдың желтоқсан айында пластикалық терезелерді дайындау және орнату үшін белгісіз тұлғаға 110 мың теңге төлегенін айтқан. Алайда, белгісіз тұлға ақшаны алып, сол күйі жоқ болып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы қылмысты жасаған күдікті анықталды, ол өзінің әрекеттерін мойындады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру