Телефон ұрысы ұсталды
Түркістан облысының полицейлері алматылық азаматтың ұялы телефонын ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-на Алматы қаласының тұрғынынан арыз келіп түскен. Ол Түркістан облысы Түлкібас ауданында тұратын досының үйіне беташар тойына келген. Аталған тойда үстіндегі сырт киімінің қалтасында болған «Samsung Galaxy А50» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 100 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Осы ұялы телефон ұрлығына қатысты күдіктіні ұстау мақсатында аудандық полиция қызметкерлері шұғыл іске кірісіп кетті. Нәтижесінде жәбірленушінің телефонын алып кеткен күдікті анықталды.
Осылайша, Түлкібас АПБ-нің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке-басы анықталып, оның арызданушының досының туысы екендігі белгілі болды. Келесі күні өзінің тұрғылықты жерінен ұсталды. Ол оңай жолмен келген олжасын 40 мың теңгеге сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсап жібергенін мойындаған. Қазіргі таңда аталған іске қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Өз кезегінде полицейлер тұрғындарды сақ болуға шақырады. Ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөмері арқылы полиция қызметкерлеріне хабар беріңіздер.