Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ұландықтар жоғалған ер азаматты тапты

Елордалық ұландықтар жоғалған ер азаматты тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 31 қаңтарда кешкі уақытта орын алды. Ұлттық ұлан жауынгерлері Петров көшесінде патрульдік қызметін атқарып жүргенде оларға бір азаматша келіп, жоғалған әкесін тауып беруді өтінді. Оның айтуынша, ер азаматтың есте сақтау қабілетінен сырқаты бар және сол күні таңертесін үйден шыққан күйі қайта оралмаған екен.

Ұландықтар жоғалған азаматтың түр-сипатын анықтап, қоғамдық тәртіп күзетінде жүрген барлық патрульдік топтарға хабарлайды. Араға бір сағат салып, көрші маршруттан жағымды хабар келіп түседі. Әскери жасақ бастығы қатардағы Ерғазы Айсабаев патрульшілер қатардағы ӘбдімәжітМәжіт және Бексұлтан Қарлыбаевтар сипаттаған азаматқа ұқсас егде адамды тапқандары туралы баяндайды. Әлгі азамат автобус аялдамасында тұрған екен.

Ұландықтар мән-жайды анықтап, жоғалған азаматты үйіне апарып, қызына тапсырады.

Өз кезегінде азаматша Ұлттық ұлан жауынгерлерінекөрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру