Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды

2021 жылғы 1-5 ақпан аралығында Ақтөбе облысы аумағында «Мигрант» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты – тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу.

Сондай-ақ, елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған жұмыс берушілерді анықтау жұмыстары ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2020 жылдың 12 айында көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 1419 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 730 шетелдік, 689-ы ҚР азаматтары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру