Петропавл жедел уәкілдері ломбардта жасалған тонауды ашты
Петропавл жедел уәкілдері ломбардта жасалған тонауды ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қаласында полицияға ломбард қызметшісі жүгінді. 29 қаңтар күні 555 600 теңгеге сатылымға қойылған салмағы 26,24 гр алтын алқаны жігіт тағып көру үшін сұрап алып, қаша жонелген. Петропавлдық жедел уәкілдер тонаушыны бірден анықтады. 20 жастағы қала тұрғыны бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін істі болған және тонауды жасаған кезде ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген екен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 30 қаңтарда ол таныстарының үйінен ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгілеу жөнінде сұрақ шешілуде. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша енгізілді. Кепілдікке салу билеті тәркіленді, күдікті олжасын басқа ломбардқа өткізіп жіберген екен.
– Қаңтар айында облыс бойынша алты тонау тіркелді, – деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов. – Бейнебақылау жүйесі осындай қылмыстардың алдын алудың сенімді құралы болып табылады және аталған жағдайдағыдай жедел уәкілдерге қылмысты ізін суытпай ашуға көмектеседі.