СҚО-да Армениядан әкелінген рөлі сол жаққа қайта жабдықталған 112 автокөлік тіркелді
СҚО-да Армениядан әкелінген рөлі сол жаққа қайта жабдықталған 112 автокөлік тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері облыс аумағында Армения Республикасынан Қазақстанға әкелінген көлік құралдарын тіркеу жалғасып жатқаны туралы еске салады. 2020 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Үкіметінің қаулысымен аталған автокөліктерді тіркеу рәсімі 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылды. Көлік иелері уақытша сары нөмірді алуға әлі бір ай жүгіне алады.
– Оң жақты рөлмен басқарылатын көлікті тіркеу үшін рөлін сол жаққа қайта жабдықтау қажет, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Болат Жексембинов. – Мұны рәсіммен қатаң сәйкестікте жасау қажет. Қазіргі уақытта облыста екі сынау орталығы жұмыс істейді, «НаЦЭкС» АҚ СҚФ және «ПетроЭкспертиза» ЖШС қайта жабдықталған көліктің қауіпсіздігін растайды. Қазіргі уақытта СҚО-да 374 автокөлік сары нөмір алды, олардың ішіндегі 112-сінің рөлі сол жаққа қайта жабдықталды.
Армения Республикасынан әкелінген автокөлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметпен пайдалану үшін Петропавл қ. Нефтепроводная, 7 көшесі мекенжайындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Көлік құралдарын тіркеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша солтүстікқазақстандықтар Петропавл қ. мына телефон нөмірлеріне жүгіне алады: 61-25-52 (СҚО ПД ӘПБ Процессингтік орталығы) және 32-00-22 (Мамандандырылған ХҚКО Call-орталығы).